Ақтауда қызметкер жұмыс орнына гранатамен келген

Аиса Махамбет Редактор
05.05.2026, 18:13
467
Ақтауда қызметкер жұмыс орнына гранатамен келген әлеуметтік желіден

Мас күйде ұсталған ер адамға қатысты тергеу әлі де жалғасып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда кәсіпорын қызметкері жұмыс орнына «қару мен гранатаға ұқсас заттармен» келіп, арты шуға ұласқан оқиға бойынша қамауға алынды.

Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның «Интергаз Орталық Азия» компаниясының қызметкері екені айтылып, оның кеңсеге қару мен граната алып келгені көрсетілген.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 30 сәуір күні болған. Ақтау қалалық полициясының жедел басқару орталығына кәсіпорын аумағында гранатаға ұқсас зат ұстаған ер адам жүргені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы күдіктінің сол мекеменің қызметкері екенін анықтап, одан қару мен гранатаға ұқсас заттарды тәркілеген.

Полицияның алдын ала дерегіне сәйкес, тәркіленген заттар пейнтболға арналған қару мен пиротехникалық бұйым болып шыққан. Құқық қорғау органдары тыйым салынған заттардың табылмағанын хабарлады.

Алайда ер адамның мас күйде болғаны анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген. Сот оны есірткі заттарын қолданғаны үшін кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алған.

Қазір аталған оқиға бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Полиция тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданатынын мәлімдеді.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан