Енді азаматтар санаторийде емделу үшін қажет медициналық қорытындыны ЕGov порталынан ала алады

04.05.2023, 16:24
629
Енді азаматтар санаторийде емделу үшін қажет медициналық қорытындыны ЕGov порталынан ала алады smartnews.kz

Енді қазақстандықтар ЕGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильдік қосымшасы арқылы санаторий-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытындыны және алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту үшін анықтама алуға өтінім бере алады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Азаматтар «Санаторий-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру» қызметінің арқасында санаторий-курорттық емделуге қорытынды алу үшін электрондық өтінім бере алады. Өтініш берген кезде жіберілген диагнозға сәйкес клиникалық-диагностикалық зерттеулер нәтижелерінің электрондық көшімесі болуы қажет», - делінген порталдың ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Ал, алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту қызметін мына санаттағы азаматтар ала алады:

- дәріханалардың, фармацевтикалық ұйымдардың қызметкерлері;

- қызмет көрсету саласының қызметкерлері (монша, сауна, шаштараз, сұлулық салондары, кір жуатын орындар, химиялық тазалаушылар), бассейндер мен гидропатиялар, балшық ванналар, спорттық-сауықтыру ұйымдарының жұмысшылары;

- қан қызметі ұйымдарының медицина мамандары, хирургиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық, стоматологиялық профильдер мен медицина қызметкерлері;

- мектепке дейінгі ұйымдардың, мектеп-интернаттардың, балалар санаториялық-курорттық жыл бойғы сауықтыру ұйымдарының, балалар үйлерінің қызметкерлері, отбасы үлгісіндегі үйлердің қызметкерлері;

- жолаушыларға қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлері (темір жол вокзалдары, аэровокзалдар, әуежайлар, теңіз және өзен станциялары, автовокзалдар, метрополитендер);

- қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметкерлері;

- жалпы білім беретін мектеп, орта арнаулы және жоғары оқу орындарына оқуға түсуге үміткерлер, студенттер.

«Бұл қызметті алатын азаматтарға №075-у нысанында берілген медициналық анықтама (дәрігердің консультативтік қорытындысы) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәледі жауап нысанында электрондық құжат «Жеке кабинетке» жолданады». Өтінімді өңдеу туралы хабарлама eGov.kz порталының «Жеке кабинетінде» 30 минут ішінде шығады», - деп жазылған ЕGov.kz портылының хабарламасында.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды