Астанада «Шекарашы балақай» мультсериалының салтанатты презентациясы өтті

05.05.2026, 18:47
623
Астанада «Шекарашы балақай» мультсериалының салтанатты презентациясы өтті

2026 жылғы 5 мамырда Отан қорғаушылар күніне орай Астана қаласындағы «Tanym» көпфункционалды кешенінде «Шекарашы балақай» мультхикаясының салтанатты презентациясы өтті. Жоба ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Әскери-патриоттық қызмет басқармасы бастамасымен «Balapan» телеарнасымен бірлесіп жүзеге асырылды.

«Шекарашы балақай» — Қазақстандағы әскери тақырыптағы дебюттік анимациялық жоба. Мультхикаяның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, мемлекеттік шекараны қорғаудың маңызын түсіндіру және әскери қызметке деген құрметті арттыру екені хақ. 

Іс-шара барысында ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары, генерал-майор Төлеужан Джунусов жобаның маңыздылығына тоқталып, әскери-патриоттық тәрбиенің жас ұрпақ үшін ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Шекара қызметі жүйесінде 380 әскери-патриоттық клуб қарқынды жұмыс істеп, оларда 5 700-ден астам тәрбиеленуші білім алуда.

«Шекарашы балақай» сияқты жобаның дүниеге келуі біз үшін үлкен қуаныш. Бұл – тек мультхикая ғана емес, балаларға түсінікті тілде Отанға қызмет ету, шекара күзетшілерінің еңбегін құрметтеу және ел алдындағы жауапкершілікті сезіну құндылықтарын жеткізетін заманауи құрал.

Шекара қызметі үшін әскери-патриоттық тәрбие әрқашан ерекше назарда, және біз бұл бағыттың жаңа, қолжетімді әрі әсерлі форматта дамып жатқанына қуаныштымыз», - деді Шекара қызметі директорының орынбасары.

Іс-шара барысында қонақтар мультхикаяны тамашалап, жобаның бастамашылары және оны жүзеге асырған шығармашылық топ өкілдерімен кездесті.

Аталған іс-шараға әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, оқушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен республикалық БАҚ өкілдері қатысты. Қатысушылар мұндай жобалардың жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесіндегі маңызы зор екенін атап өтті.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады