Қазақстанда такси нарығын бақылау күшеймек

06.05.2026, 10:09
422
Қазақстанда такси нарығын бақылау күшеймек Birgit / Pixabay

Енді жаңа ереже бойынша заңсыз таксистерді анықтау жеңілдейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда такси қызметіне қатысты талаптар күшейтілді. Ұлттық экономика министрлігі такси тасымалдаушыларына арналған хабарлама беру тәртібіне өзгерістер енгізгенін мәлімдеді.

Жаңа ережеге сәйкес, енді такси қызметін бастамас бұрын тасымалдаушы жергілікті атқарушы органға міндетті түрде хабарлама жолдауы тиіс. Бұған қоса, автопаркке жаңа көлік қосылғанда немесе көлік ауыстырылған жағдайда мәліметті жаңарту мүмкіндігі енгізілді.

Министрлік бұрынғы жүйеде тасымалдаушы нақты бір көлікке бекітілмегенін атап өтті. Соның салдарынан жол апаты болған жағдайда жолаушыларға немесе үшінші тұлғаларға келген шығын үшін нақты жауаптыны анықтау қиындаған.

Осы мәселені шешу үшін хабарлама нысанына көлік туралы нақты деректер енгізілді. Енді тасымалдаушылар көліктің маркасын, мемлекеттік тіркеу нөмірін және шығарылған жылын көрсетуге міндетті.

Ведомствоның мәліметінше, бұл өзгерістер жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін күшейтіп, заңсыз жұмыс істейтін такси қызметтерінің үлесін азайтуға бағытталған.

Аталған түзетулер Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы №4 бұйрығына енгізілген өзгерістер аясында қабылданды.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан