Жәнібек Әлімханұлы «Канелоны» басып озды

07.05.2026, 09:47
881
Жәнібек Әлімханұлы «Канелоны» басып озды instagram.com/nurgali_zhumagazy

Әлімханұлы әлемнің үздік боксшылары қатарында сенсация жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік боксшыларының жаңартылған pound-for-pound (P4P) рейтингінде мексикалық жұлдыз Сауль Альвареснен озып шықты.

Sports.kz мәліметінше, WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек рейтингте алтыншы орынға жайғасқан. Ал «Канело» сегізінші сатыға түскен. Бұған дейін қазақстандық былғары қолғап шебері бесінші орында тұрған еді. Алайда ресейлік Дмитрий Бивол оны бір сатыға ығыстырды.

Әлімханұлының кәсіби мансабындағы көрсеткіші әлі де мінсіз — 17 жекпе-жек, 17 жеңіс. Оның 12-сін нокаутпен аяқтаған. Соңғы рет ол 2025 жылдың сәуірінде француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгені техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Соған қарамастан, қазақстандық чемпион қазір допинг сынамасына байланысты уақытша жарыстардан шеттетілген. Бірақ WBO ұйымы оның чемпиондық белбеуін сақтап қалды.

Ал «Канело» үшін соңғы кезең сәтсіз өтті. Мексикалық боксшы америкалық Теренс Кроуфордтен жеңіліп, суперорта салмақтағы барлық чемпиондық титулынан айырылды. Кейін шынтағына операция жасатып, рингтен уақытша кеткен.

Boxing Metrics нұсқасындағы үздік ондықта Наоя Иноуэ көш бастап тұр. Одан кейін Александр Усик, Теренс Кроуфорд, Шакур Стивенсон және Дмитрий Бивол орналасқан.

Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек доминиканалық боксшы Карлос Адаместің жекпе-жек өткізу туралы мәлімдемесіне әлеуметтік желіде жауап берген еді.

Жамбыл облыстық соты Бектеновтің қатысуынсыз істі қарап жатыр: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 миллион теңгені өзінде қалдыруды талап етуде Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр