12 адамның өмірін жалмаған «Центр плова» иесінің қамау мерзімі ұзартылды

07.05.2026, 12:30
529
12 адамның өмірін жалмаған «Центр плова» иесінің қамау мерзімі ұзартылды ТЖМ

Щучинскідегі дәмханада жарылыс болып, 12 адам қаза тапқан еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Щучинскідегі «Центр плова» кафесінде болған жойқын жарылыстан кейін ұсталған мекеме иесінің қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы хабарлады.

Бұған дейін, 2026 жылғы 4 наурызда Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты кафе иесін екі айға қамауға алу туралы санкция берген болатын. Енді сот шешімімен бұл мерзім тағы бір айға созылды.

Қазіргі уақытта іс Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі — «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу» бойынша тергеліп жатыр.

Еске салайық, биыл 26 ақпаннан 27 ақпанға қараған түні Щучинскідегі кафеде газ баллоны жарылған. Алғашында алты адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Кейін көз жұмғандар саны тоғызға, артынша 12 адамға жетті.

Жарылыс пен өрттен зардап шеккен бірнеше адам ауыр жағдайда Астанаға жеткізілген. Олардың төртеуі санитарлық авиация арқылы Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына тасымалданса, тағы бірі жерүсті көлігімен жеткізілген.

Қайғылы оқиғадан кейін кафе иесі ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары әлі жалғасып жатыр.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады