SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози 2012 жылғы сайлау науқанына байланысты қаржылық заңбұзушылық ісі бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.
Париждің апелляциялық соты саясаткерді электронды білезік тағу міндетінен де босатты. AFP мәліметінше, бұл шешім оның жасына байланысты қабылданған.
Аталған іс «Бигмалион» жанжалы ретінде белгілі. 2021 жылы сот Саркозидің сайлау науқанына рұқсат етілген шектен әлдеқайда көп қаржы жұмсағанын және PR-компания арқылы шығындарды жасырғанын анықтаған. Тергеу барысында бухгалтерлік есепті екі түрлі жүргізу схемасы қолданылған. Іске барлығы 13 адам тартылған. Саркози болса, өз кінәсін жоққа шығарып, мердігерлердің әрекетінен бейхабар болғанын айтқан. Сот оны бір жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, оның бір бөлігін шартты жаза ретінде қалдырған, сондай-ақ үйқамақ пен электронды бақылау енгізген.
Бұл — Саркозиге қатысты жалғыз іс емес. Өткен жылы ол Францияның қазіргі заман тарихында түрмеге түскен алғашқы бұрынғы мемлекет басшысы болды. 2007 жылғы сайлау науқанына Ливиядан заңсыз қаржы алды деген іс бойынша оған бес жылдық жаза тағайындалған. Сонымен қатар, 100 мың еуро айыппұл салынып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге бес жылға тыйым салынған.
Кейін апелляциялық сот оны кепілмен босатқан. Ал Саркози түрмеде өткізген 20 күні туралы кітап жазатынын мәлімдеген.
RUS