Мәскеуге бұрын-соңды болмаған дрон шабуылы жасалды

07.05.2026, 15:28
1417
Мәскеуге бұрын-соңды болмаған дрон шабуылы жасалды Moscow Region Governor Andrei Vorobyev official telegram channel via AP/picture alliance

Ресейдің 20 өңірі дрон астында қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей Қорғаныс министрлігі 7 мамырға қараған түні Мәскеу мен тағы 20 өңірге жүздеген украиналық ұшқышсыз ұшу аппараты шабуыл жасағанын мәлімдеді. Ведомство дерегінше, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері бір түн ішінде 347 дронды атып түсірген. Бұл — Ресей мен Украина арасындағы соғыс басталғалы бергі ең ауқымды дрон шабуылдарының бірі.

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сәйкес, дрондар Белгород, Брянск, Волгоград, Воронеж, Калуга, Курск, Липецк, Новгород, Орел, Пенза, Ростов, Рязань, Смоленск, Тамбов, Тверь, Тула облыстары, Мәскеу аймағы, Краснодар өлкесі, Адыгея мен Қалмақ республикалары, сондай-ақ аннексияланған Қырым аумағы мен Азов, Каспий және Қара теңіз акваториялары үстінде жойылған.

Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің хабарлауынша, астанаға бағытталған кемінде 30-дан астам дронның жолы кесілген. Қала билігі құлаған бөлшектер түскен жерлерде жедел қызметтер жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

Жаппай шабуылдан кейін Мәскеу әуежайларында рейстерге шектеу енгізілді. Внуково әуежайы уақытша жұмысын толық тоқтатса, Шереметьевода да «Ковер» режимі жарияланған. Бірқатар аймақта рейстер кейінге шегеріліп, ұшулар кешіккен.

Ресейлік және украиналық дереккөздер Мәскеу облысындағы әскери нысандарға да соққы жасалғанын хабарлады. Атап айтқанда, Наро-Фоминск маңындағы Ресей Қорғаныс министрлігіне қарасты ірі логистикалық кешенге шабуыл болғаны айтылуда. Әзірге бұл ақпаратқа қатысты ресми толық растау жарияланған жоқ.

Пермь қаласында мұнай өңдеу инфрақұрылымы қайтадан дрон шабуылына ұшырағаны хабарланды. Сонымен қатар Брянск облысында «Мираторг» агрохолдингінің шошқа кешендерінің бірі өртеніп кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.

Осы оқиғалар аясында Ресей Сыртқы істер министрлігі шетелдік дипломатиялық миссияларды Киевтен қызметкерлерін эвакуациялауға шақырды. РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарова Украина 8–9 мамырға жарияланған «Жеңіс күніне арналған бітімді» бұзса, Киевке жаппай соққы жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Өз кезегінде Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің «тыныштық режимін» өзі бұзғанын айтып, Киев «айна-қатесіз жауап қайтаратынын» ескертті. Украина бұған дейін атысты 6 мамырдан бастап толық тоқтатуға дайын екенін мәлімдеген болатын.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді