Бауыржан Байбек жаңа қызметке ресми кірісті

Азиз Қалижан Редактор
07.05.2026, 16:11
2165
Бауыржан Байбек жаңа қызметке ресми кірісті Sputnik / Абзал Калиев

Алматының бұрынғы әкімі Байбек ірі комбинаттың басшылығына келді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек бірнеше жылдық үзілістен кейін Қазақстандағы ірі өндірістік жобалардың біріне басшылық құраммен қайта оралды. Экс-шенеунік қазір Qazaq Kaolin тау-кен байыту комбинаты директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарып отыр. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Бауыржан Байбек 2022 жылдың ақпанында сол кездегі «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметінен кеткеннен кейін елден тыс жерде болған. Алдымен Біріккен Араб Әмірліктерінде білім алып, шетелдік инвестиция тарту бағытында жұмыс істеген. Кейін Жапонияға қоныс аударып, жапон технологиялары мен капиталын Қазақстанға енгізуге бағытталған жобалармен айналысқаны айтылды.

Оның әпкесі Айгүл Байбектің мәліметінше, бұрынғы әкім инновациялық өндіріс пен технологиялық бастамаларды дамытуға ден қойған.

Белгілі болғандай, Байбек Qazaq Kaolin компаниясымен байланысын 2022 жылдың наурызында-ақ бастаған. Сол кезде ол компанияға онлайн кеңесші ретінде тартылған. Дәл осы кезеңде Ақмола облысында каолин өңдейтін зауыт құрылысы басталған еді. Ал биыл сәуірдің соңында тау-кен байыту комбинаты техникалық іске қосу кезеңінен өтті.

Компанияның ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Байбек кеңесші қызметінен тікелей директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына көтерілген.

Qazaq Kaolin компаниясының тең құрылтайшылары қатарында 26 жастағы Бекзат Керімбай мен Бауыржан Байбектің әкесі — 86 жастағы Қадырғали Байбек те бар. Бұған дейін БАҚ-та Қадырғали Байбекке қатысты заңсыз құрылысқа байланысты Астанада екі сот ісі қаралып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын.

Бауыржан Байбектің өмірбаянында 2020–2022 жылдары «Birgemiz» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы болғаны да көрсетілген. Қор пандемия кезінде жеке қайырымдылық есебінен шамамен 80 миллион доллар жинап, 100 мыңнан астам әлеуметтік осал отбасыға көмек көрсеткені айтылған.

Сондай-ақ Ақмола облысы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, Qazaq Kaolin компаниясы әлеуметтік жауапкершілік аясында өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын жаңғыртуға 650 миллион теңге инвестиция салған.

  1.  
Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды