Шанышқы, үтік, жұдырық: Шымкентте әйел балаларын үтікпен күйдіргенін сотта мойындады

08.05.2026, 09:52
560
Шанышқы, үтік, жұдырық: Шымкентте әйел балаларын үтікпен күйдіргенін сотта мойындады otyrar.kz

Резонанс тудырған іс бойынша сот процесі әлі де жалғасып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте өз балаларын жүйелі түрде қорлап, қатыгездік көрсеткен әйелге қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Іс материалдары бойынша, анасы кәмелетке толмаған балаларын ұрып-соғып қана қоймай, денесін ыстық заттармен күйдіріп, өміріне қауіп төндіретін әрекеттер жасаған. Бұл туралы Otyrar.kz жазды.

Сот отырысында балалардың берген жауаптары тыңдалып, қатыгездік белгілері түсірілген бейнематериалдар ұсынылды. Тергеу барысында жиналған деректер отбасы ішінде ұзақ уақыт бойы зорлық-зомбылық болғанын көрсеткен.

Балалардың айтуынша, анасы оларды түрлі сылтаумен жазалап отырған. Соттағы жауап барысында айыпталушы ұлының аузын газға қыздырылған шанышқымен күйдіргенін мойындады. Сондай-ақ баласының темекі шеккенін көрген соң үтікті қыздырып, денесінің бірнеше жерін күйдіргенін растаған.

Судьяның сұрақтарына жауап берген әйел өз кінәсін толық мойындап, істеген әрекетіне өкінетінін айтты.

Іс қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Жыл басында балаларға көрсетілген зорлық туралы ақпарат жарияланғаннан кейін олар мемлекет қамқорлығына алынған. Қазіргі уақытта балалардың өміріне қауіп жоқ.

Заң бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты қатыгездік әрекеттер ауыр қылмыс санатына жатады. Тергеу мен сот процесі жалғасып жатыр.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады