Алматыда бұрынғы әйелін аңдыған ер адам сот алдында жауап берді

08.05.2026, 11:26
663
Алматыда бұрынғы әйелін аңдыған ер адам сот алдында жауап берді Unsplash

Әйел адамның арызынан кейін полиция қылмыстық іс қозғап, күдіктіні изоляторға қамаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда әйел адам бұрынғы күйеуінің мазасын алып, соңынан қалмай жүргеніне шағымданып, полицияға жүгінген. Іс сотқа дейін жетіп, ер адам жауапқа тартылды.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тұрғын құқық қорғау органдарына бұрынғы жұбайының тұрақты түрде қудалап жүргенін айтып арызданған. Осыдан кейін полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастаған.

Тергеу барысында ер адамның заңға қайшы әрекеттерін растайтын дәлелдер жиналған. Күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Кейін іс материалдары сотқа жолданды.

Сот шешімімен алматылыққа 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалып, пробациялық бақылауға алынған.

Медеу аудандық полиция басқармасы өкілдерінің айтуынша, азаматтардың психологиялық жай-күйі мен жеке қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін кез келген қудалау әрекетіне құқықтық баға беріледі.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады