800

Астана – Франкфурт рейсі Ақтөбеге шұғыл қонды

Air Astana жолаушыларды тасымалдау үшін Алматыдан қосымша борт жіберді.

Астана – Франкфурт рейсі Ақтөбеге шұғыл қонды
@airastana

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Air Astana әуе компаниясының Астана – Франкфурт бағыты бойынша 8 мамырда орындаған KC921 рейсі Ақтөбе әуежайына мәжбүрлі түрде қонды. Оған техникалық себеп түрткі болған.

Компанияның мәліметінше, ұшақ Астанадан 08:54-те ұшып шығып, Ақтөбеге 11:34-те қонған. Экипаж шешімді стандартты қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес қабылдаған. Қону процесі қалыпты режимде өткен.

Жолаушыларды әрі қарай тасымалдау үшін Air Astana Алматыдан резервтік ұшақ жіберген. Рейстің Ақтөбеден ұшу уақыты 14:20-ға жоспарланған.

Компания өкілдері жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі әрдайым басты басымдық екенін атап өтіп, қолайсыздық үшін кешірім сұрады.

Материал авторы