Қазақ жігіті Лондонның беделді ауданында мэр сайлауында жеңіске жетті

08.05.2026, 15:50
1045
Қазақ жігіті Лондонның беделді ауданында мэр сайлауында жеңіске жетті instagram.com/sanabishev

Қазақстан тумасы Лондондағы ауданның мэрі атанды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлыбританиядағы беделді аудандардың бірі — Лондонның Сент-Джеймс ауданында өткен мэр сайлауында Қазақстан тумасы Санжар Әбішев жеңіске жетті. Ол сайлауға Ұлыбританияның Консервативтік партиясы атынан қатысқан.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Санжар Әбішев қарсыласынан 350 дауыс артық жинаған. Жалпы сайлауға шамамен 2,3 мың адам қатысқан. Сайлау нәтижесі мен жеңімпаз жарияланған сәттің видеосын қазақстандық кәсіпкер, Kusto Group компаниясының тең құрылтайшысы Қанат Көпбаев әлеуметтік желіде бөлісті.

Көпбаевтың айтуынша, Санжар Әбішев Ұлыбританияда мектеп жасынан бері тұрады. Ол кәсіпкер Азат Әбішевтің ұлы болуы мүмкін екені де айтылды.

«Қазақ отбасынан шыққан, британ элитасында туысы да, ықпалы да жоқ жігіт білімнің, тәртіптің және ұзақ жылғы еңбектің арқасында Лондонның беделді аудандарының біріне мэр болды. Бұл — оның жолының бастауы ғана», — деп жазды Қанат Көпбаев.

Сент-Джеймс — Лондонның тарихи әрі мәртебелі аудандарының бірі саналады. Мұнда ірі бизнес орталықтары, элиталық тұрғын үйлер мен мемлекеттік маңызы бар нысандар орналасқан.

Қазақстандықтардың шетелдегі саяси және қоғамдық ортада көрінуі сирек кездесетін құбылыс болғандықтан, Санжар Әбішевтің жеңісі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді