Рыбакина Рим турнирін жарқын жеңіспен бастады

09.05.2026, 09:18
769
Рыбакина Рим турнирін жарқын жеңіспен бастады DARRIAN TRAYNOR/GETTY IMAGES

Елена Рыбакина Саккариді екі сетте ұтып, келесі айналымға өтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы беделді турнирдегі алғашқы матчын жеңіспен аяқтады.

Қазақстандық теннисші жарысты екінші айналымнан бастап, әлемдік рейтингте 47-орында тұрған грек спортшысы Мария Саккаримен кортта жолықты. Кездесу барысында Рыбакина айқын басымдық танытып, қарсыласын екі сетте 6:4, 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, қазақстандық спортшы турнирдің үшінші кезеңіне жолдама алды. Айта кетейік, Рыбакина Римдегі жарықта бұған дейін де топ жарған. Ол 2023 жылы осы турнирдің чемпионы атанған болатын.

Биылғы додада да қазақстандық теннисші басты фавориттердің бірі саналады. Ол турнирде екінші нөмірмен тіркелген. Римдегі WTA 1000 жеңімпазы 1 миллионнан астам еуро сыйақы мен 1000 рейтингтік ұпай иеленеді.

Бұған дейін Елена Рыбакинаның Германиядағы турнирде жеңіске жетіп, Porsche Carrera автокөлігі мен 160 мың еуро сыйақы алғаны хабарланған еді.

Сондай-ақ Римдегі ATP Masters 1000 турнирінде Қазақстанның тағы бір теннисшісі Александр Бублик те сәтті өнер көрсетті. Ол аргентиналық Себастьян Баэсті сенімді түрде жеңіп, турнирдің үшінші айналымына өтті.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады