«Маған ақыл айтпаңдар»: Бибісара Асаубаева жұртқа шүйлікті

Азиз Қалижан Редактор
09.05.2026, 11:57
1585
«Маған ақыл айтпаңдар»: Бибісара Асаубаева жұртқа шүйлікті instagram.com/bibisarachess

Мен сіздерге ұнауға міндетті емеспін дейді Бибісара Асаубаева.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, шахматшы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желідегі қысым мен орынсыз пікірлерге қатысты ашық мәлімдеме жасады. Ол Telegram-арнасында аудитория көбейген сайын еркін пікір алмасу қиындап кеткенін айтты.

Шахматшының сөзінше, арнасын шамамен екі жыл бұрын ашқан, ал тұрақты түрде жүргізе бастағанына бір жылдан асқан. Бастапқыда ол бұл платформаны жеке күнделік секілді қабылдап, оқырмандармен еркін әрі шынайы форматта сөйлесіп келген.

Алайда уақыт өте аудитория ұлғайып, бірге негатив те көбейген. Спортшы әсіресе жеке өмірі, достары мен қарым-қатынасына қатысты қажетсіз ақыл айтатын жазылушылардың артқанын жасырмады.

«Мен сұрамаған ақылды айтпаңыздар», — деп жазды Бибісара.

Ол ешкімді өзін жақсы көруге міндеттемейтінін айтып, ұнамайтын дүниені көрсе, жай ғана парақшадан кетуге шақырды. Сонымен қатар Асаубаева арнасындағы жағымсыз пікір қалдыратын қолданушыларды бұғаттайтынын ескертті.

Шахматшының айтуынша, оның Telegram-арнасы әрдайым «саннан бұрын сапаға мән беретін» алаң болып қала береді.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан