SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ultimate Fighting Championship ұйымының Ақ үйде өтетін UFC Freedom 250 турниріне арналған баспасөз мәслихатында жанжал шықты. Оқиғаға жеңіл салмақтағы чемпион Илия Топурия мен америкалық ауыр салмақтағы файтер Джош Хокит қатысқан.
Ньюаркте өткен шараға турнирдің барлық қатысушылары жиналған. 14 маусымда Ақ үйде өтетін кеште Хокит отандасы Деррик Льюиспен октагонға шығуы тиіс.
Баспасөз мәслихаты кезінде америкалық спортшы қарсыластарын арандататын мәлімдемелер жасап, ауыр сөздер айтқан. Кейін ол уақытша ауыр салмақ белдігіне таласатын бразилиялық Алекс Перейраге тиісіп, оны көпшілік алдында қорлаған.
Осы сәтте Топурия араласып, Хокитке ескерту жасаған. Алайда америкалық файтер грузиялық чемпионды да балағаттап, жағдайды ушықтырған.
Бұған жауап ретінде орнынан атып тұрған Топурияны күзет қызметі тоқтатты. Кейін ол үстел үстіндегі шағын затты Хокитке қарай лақтырып, оның көзілігіне тигізген.
Жанжал осыдан кейін тіпті ушығып кеткен. Орнынан тұрған Перейра да қарсы тарапқа қарай бет алған соң, қауіпсіздік қызметі Хокитті шұғыл түрде залдан алып шыққан. Соның салдарынан оның Льюиспен жоспарланған көз түйістіру рәсімі өтпей қалды.
RUS