«13 жастағы ұлы қалды»: Көкшетауда әйел көлік астында қаза тапты (ВИДЕО)

10.05.2026, 11:20
1296
«13 жастағы ұлы қалды»: Көкшетауда әйел көлік астында қаза тапты (ВИДЕО) бейнежазбадан

Тұрғындардың сөзінше, жабылған екінші кіреберіс ауладағы қауіпсіздік мәселесін ушықтырған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Көкшетауда тұрғын үй ауласында қайғылы жол апаты болып, бір әйел қаза тапты. Оқиға 9 мамыр күні автотұраққа кіреберісте болған, деп хабарлайды жергілікті полицияға сілтеме жасаған ақпарат көздері.

Бейнебақылау камерасына түскен кадрларда жеңіл көліктің жаяу жүргіншіні қағып кеткені анық көрінеді. Қайғылы оқиғадан кейін Ақмола облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастаған.

Марқұмның артында 13 жастағы ұлы қалған.

Тұрғындардың айтуынша, бұған дейін аулаға екі кіреберіс болған. Алайда олардың бірі жабылып, қазір барлық көлік бір ғана жол арқылы қатынайды. Соның салдарынан аула ішіндегі көлік қозғалысы күрт көбейіп, жүргізушілердің көбі жылдамдықты азайтпайтын көрінеді.

Жергілікті халық бірнеше рет коммуналдық қызметтерге қосымша кіреберісті ашып, аумақты қауіпсіз ету туралы өтініш жасағанын айтады. Бірақ әзірге ешқандай нәтиже болмаған. Оқиғадан кейін тұрғындар балалар мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне алаңдап отырғанын жеткізді.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды