Екі медициналық анықтаманы онлайн алу мүмкіндігі пайда болды

05.05.2023, 09:16
620
Екі медициналық анықтаманы онлайн алу мүмкіндігі пайда болды smartnews.kz

Қазақстандықтар eGov.kz пен eGov Mobile арқылы санаторий-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды және алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту үшін анықтама алуға өтінім бере алады.

Бұл туралы smartnews.kz сайты «Ұлттық ақпараттық технологиялар» Қоғаммен байланыс басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Өтініш берген кезде жіберілген диагнозға сәйкес клиникалық-диагностикалық зерттеулер нәтижелерінің электронды көшімесі болуы қажет.

Қызмет көрсету нәтижесі: электронды құжатты 069/у нысаны бойынша берілген санаторий-курорттық карта немесе электронды құжат нысанында «Жеке кабинетке» жіберілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Санаторий-курорттық емдеу мамандандырылған мекемелерде көрсетілетін және минералды сулар, емдік балшық, термалды бұлақтар және т.б. сияқты санаторий-курорттық аймақтың табиғи факторларына негізделген кешенді емдеу-профилактикалық көмекті қамтиды.

«Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік қызметін мына топтар қолада алады:

- дәріханалардың, фармацевтикалық ұйымдардың қызметкерлері;

- қызмет көрсету саласының қызметкерлері (моншалар, сауналар, шаштараздар, сұлулық салондары, кір жуатын орындар, химиялық тазалаушылар), бассейндер мен гидропатиялар, балшық ванналар, спорттық-сауықтыру ұйымдарының жұмысшылары;

- қан қызметі ұйымдарының медицина қызметкерлері, хирургиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық, стоматологиялық профильдердің қызметкерлері және медицина қызметкерлері;

- мектепке дейінгі ұйымдардың, мектеп-интернаттардың, балалар санаториялық-курорттық жыл бойғы сауықтыру ұйымдарының, балалар үйлерінің қызметкерлері, отбасы үлгісіндегі үйлердің қызметкерлері;

- жолаушыларға қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлері (темір жол вокзалдары, аэровокзалдар, әуежайлар, теңіз және өзен станциялары, автовокзалдар, метрополитендер);

- қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметкерлері;

- жалпы білім беретін мектептерге, орта арнаулы және жоғары оқу орындарына оқуға түсуге үміткерлер студенттерге және т.б.

Қызмет көрсету нәтижесі: №075-у нысанында берілген медициналық анықтама (дәрігердің консультативтік қорытындысы) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәледі жауап нысанында электронды құжат «Жеке кабинетке» жолданады.

Өтінімді өңдеу туралы хабарлама eGov.kz порталының «Жеке кабинетінде» 30 минут ішінде пайда болады.

Қызметтер eGov.kz порталында «Азаматтарға» - «Денсаулық сақтау» - «Медициналық көмек» бөлімінде қолжетімді. Аналогиялық қызметтерді eGov Mobile мобильді қосымшасының «Денсаулық сақтау» бөлімінен алуға болады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды