1435

Жанкүйерлер «Реал» мен «Барселона» автобустарына таспен атқылады

Пиротехника түтіні салдарынан жанкүйерлер көліктерді шатастырып алған.

Жанкүйерлер «Реал» мен «Барселона» автобустарына таспен атқылады
David Ramos/Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Испаниядағы басты футбол бәсекесі — Эль-Класико алдында жанкүйерлер тарапынан тәртіпсіздік тіркелді. Real Madrid пен FC Barcelona ойыншылары мінген автобустар таспен атқыланған.

Оқиға Каталония астанасында өткен Ла Лига чемпионатының 35-тур матчының алдында болған. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, «Реал» командасының автобусындағы бір терезе сынған, алайда футболшылар зардап шекпеген.

Ал «Барселона» автобусы да шабуылға ұшыраған. Бірақ кейін белгілі болғандай, жанкүйерлер пиротехника түтінінің салдарынан көліктің клуб түсін дұрыс ажырата алмай, қателесіп тас лақтырған.

Оқиға футбол маңайындағы қауіпсіздік мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды.

Айта кетейік, сол матчта FC Barcelona жеңіске жетіп, Испания чемпионы атағын екінші рет қатарынан иеленді.

Материал авторы