1031

Түркияда қазақстандық жігітті такси қағып, қаза тапты

Марқұм Түркиядағы бес жұлдызды қонақүйде даяшы болып жұмыс істеген.

Түркияда қазақстандық жігітті такси қағып, қаза тапты
IHA

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Антальяның курорттық аймағында Қазақстан азаматы жол апатынан көз жұмды. Қайғылы оқиға Серик ауданында болған.

27 жастағы Кубат Аманбеков түнгі уақытта туристік жолмен велосипедпен келе жатқанда, оны такси қағып кеткен. Апат 8 мамырға қараған түні шамамен сағат үштерде тіркелген. Ауыр жарақат алған жігіт оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Жергілікті ақпаратқа сәйкес, қазақстандық азамат Антальядағы бес жұлдызды қонақүйлердің бірінде даяшы болып жұмыс істеген. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін мәйітханаға жіберілді.

Такси жүргізушісі полиция бөліміне жеткізіліп, одан жауап алынған. Қазір жол апатына байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Материал авторы