Алматыны тағы су басты: нөсерден кейін көшелер көлге айналды

Азиз Қалижан Редактор
11.05.2026, 16:50
364
Алматыны тағы су басты: нөсерден кейін көшелер көлге айналды instagram.com/almaty_realnaya

Тұрғындар арық жүйесі жауын суының көлеміне төтеп бере алмай жатқанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда 10 мамыр күні жауған нөсерден кейін бірқатар көше қайтадан су астында қалды. Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда көліктердің су кешіп әрең қозғалғаны, ал жаяу жүргіншілердің алып шалшықтарды айналып өтуге мәжбүр болғаны көрінеді.

Қаланың әр ауданынан түсірілген кадрларда арық жүйесінің жауын суын өткізе алмай қалғаны байқалады. Тұрғындар әсіресе кәріз және су бұру инфрақұрылымының әлсіздігіне шағымданды.

Әуезов ауданында болған су басу оқиғаларына аудан әкімдігі пікір білдіріп, арнайы мамандардың жіберілгенін хабарлады.

Ал Рысқұлов даңғылы мен Оңғарсынова көшесі қиылысындағы жағдайға қатысты Алатау ауданы әкімдігі түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, су тасқыны Қарғалы өзені арнасын қайта жаңарту жұмыстарына байланысты туындаған.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, мердігер ұйым өзен арнасы маңындағы өткелді уақытша жапқан. Соның салдарынан су арна арқылы өте алмай, көшелерге жайылған.

Сонымен қатар Ақсу көшесінің тұрғыны жауыннан кейін үйін су басқанын айтты. Бейнежазбада бөлмелердің ішіне дейін су кіргені көрінеді.

Алатау аудандық әкімдігі бұл көшеде бұрын мүлде болмаған арық жүйесі қазір салынып жатқанын мәлімдеді.

Қала әкімдігі синоптиктер болжамына сәйкес жауын-шашын 12 мамыр түске дейін жалғасуы мүмкін екенін ескертті. Сондай-ақ 11 мамырда жел күшейетіні хабарланды.

Әкімдік мәліметінше, ықтимал су басулардың алдын алу үшін коммуналдық қызметтер тәулік бойы кезекшілікке көшкен. Қала бойынша жүзден астам арнайы техника, мотопомпалар, су сору көліктері мен жүздеген жұмысшы жұмылдырылған.

Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді