Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген әйелдің жүргізуші куәлігі болмаған

12.05.2026, 10:31
456
Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген әйелдің жүргізуші куәлігі болмаған бейнежазбадан

Қайғылы оқиғадан кейін күдікті үйқамақта отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Көкшетауда жалғызбасты ананың өліміне әкелген жол апаты бойынша тың дерек шықты. Әйелді қағып кеткен жүргізушінің көлік басқаруға мүлде құқығы болмағаны белгілі болды.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиғаға байланысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалған. Тергеу барысында көлік тізгінінде отырған әйелдің жүргізуші куәлігі жоқ екені және ешқашан көлік жүргізу курстарынан өтпегені анықталған.

Қазір оған адам өліміне соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Ал көліктің иесі саналатын күйеуіне көлік басқару құқығы жоқ адамға рөл бергені үшін қылмыстық іс тіркелді. Бұл бап бойынша бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.

11 мамыр күні Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдікті әйелді үйқамаққа алу туралы шешім шығарды.

Полиция бұл істің тергеуі ведомство басшылығының ерекше бақылауында екенін мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желілерде Көкшетаудағы шағынаудандардың бірінде болған өлімге әкелген апаттың видеосы тараған еді. Кадрларда жол талғамайтын көлік бұрылыста әйелді қағып кетіп, тоқтағаны байқалады. Ал жәбірленуші көліктің астында қалған.

Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді