Алматы хантавирус қаупіне дайын ба? Санитар мәлімдеме жасады

12.05.2026, 12:09
495
Алматы хантавирус қаупіне дайын ба? Санитар мәлімдеме жасады REUTERS / Dado Ruvic

Санитар дәрігерлер Алматыға қауіпті инфекцияның сырттан келу қаупі екенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы хантавирусының таралу қаупіне дайын ба? Бұл сұраққа қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жауап берді.

Алматы қаласы СЭБД-нің аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Жайдаркүл Отарбекова хантавирус жаңа инфекция емес екенін айтты. Оның сөзінше, мұндай вирустың Алматыға немесе өзге өңірлерге сырттан келу қаупі әрдайым сақталады.

– Инфекцияның тасымалдану қаупі үнемі бар. Сондықтан әуежайлар мен шекаралық бақылау аймақтарында тұрақты профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Барлық әуежайларда вирустық инфекцияларды ерте анықтауға арналған бақылау жүйелері орнатылған. Бұл індеттің таралуының алдын алуға мүмкіндік береді, – деді ол өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Маманның айтуынша, жұмыс арнайы кешенді жоспар негізінде жүргізіледі. Қалада инфекциялық стационарлар, оқшаулау бөлімдері және жедел әрекет ететін инфекционист мамандар жеткілікті.

– Егер аса қауіпті инфекцияға күдік туындаса, барлық қызметтер бірден іске қосылады. Науқастар оқшауланып, емдеу инфекциялық стационарда жүргізіледі, – деді Жайдаркүл Отарбекова.

Сонымен қатар ол хантавирусқа қарсы әзірге вакцина жоқ екенін атап өтті.

«Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті