Маңғыстауда пикник кезінде ер адам шашлық сүйегіне тұншығып, көз жұмды

Аиса Махамбет Редактор
12.05.2026, 12:52
470
Маңғыстауда пикник кезінде ер адам шашлық сүйегіне тұншығып, көз жұмды instagram.com/mangystautv.kz

56 жастағы ер адам жедел жәрдем жеткенше көз жұмды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысында табиғат аясындағы демалыс қайғылы оқиғаға ұласты. Шашлықтың сүйегіне тұншығып қалған ер адам оқиға орнында қайтыс болды.

Қайғылы жағдай 10 мамыр күні болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Ақтау қаласындағы мектептердің бірінде жұмыс істейтін қызметкерлер Жармыш ауылы маңында орналасқан Аралбай сарқырамасына көкке шыққан. Демалыс барысында 56 жастағы ер адам шашлықтың сүйегіне тұншығып қалған. Оған дер кезінде медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған, ер адам сол жерде көз жұмған.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

Ведомство дерегінше, оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеушілер қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтауда.

Құқық қорғау органдары азаматтарды табиғат аясында демалу кезінде барынша сақ әрі мұқият болуға шақырды.

Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді