18 мамыр күні Атырауда Сұлтан Сәрсемәлиевтің соты басталады

12.05.2026, 13:33
549
18 мамыр күні Атырауда Сұлтан Сәрсемәлиевтің соты басталады бейнежазбадан / ПД

Бір үйдің төрт адамын өлтірген күйеу баланың соты ашық түрде өтпек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа Жангелдин ауылында жасалған резонансты кісі өлтіру ісі түсті.

Істі судья Зарема Хамидуллина қарайды. Өңірде ол ұзақ жылдар бойы ең күрделі әрі қоғамды дүр сілкіндірген қылмыстық істерді қараумен танылған.

Алғашқы сот отырысы 18 мамырға сағат 11:00-ге белгіленді. Процесс ашық режимде өтеді.

Істің басты фигуранты — Сұлтан Сәрсемәлиев. Ол қазір Атыраудағы тергеу изоляторында қамауда отыр, сот процесінің басталуын күтуде.

Еске салайық күдікті төрт адамның — енесі, қайын атасы, жұбайының ағасы мен әпкесінің өліміне қатысты кінәсін мойындаған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, қаза тапқандардың үлкендері үй ауласындағы қорадан топырақ астынан табылған. Ал екі жас туысын ол бұрын тұрған елді мекендегі уақытша баспана маңына жасырын жерлеген деген болжам бар.

Қайғылы оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, өңір тұрғындарының назарында қалып отыр.

Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді