SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында мектеп ішінде орын алған жанжал қоғам назарын аудартты. Әлеуметтік желілерде 11-сынып оқушысы мұғалімді соққыға жыққан сәт түсірілген бейнежазба тарады.
Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 16 қаңтарда Шамалған ауылындағы «Жаңа қазақ орта мектебінде» болған. Таңғы сағат 09:00 шамасында мұғалім мен жоғары сынып оқушысы арасында дау туындаған. Педагог жасөспірімге тәртіпке бағыну және сабаққа қатысу жөнінде ескерту жасаған.
Алайда оқушы ескертуді агрессивті түрде қабылдап, мұғалімге физикалық күш қолданған.
Құзырлы органдар аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
«Оқиғаның барлық мән-жайы заң аясында анықталады, тергеу қорытындысы бойынша тиісті құқықтық баға беріледі. Мектеп әкімшілігі мен білім бөлімі тарапынан профилактикалық және түсіндіру жұмыстары қолға алынды», – деп хабарлады әкімдік өкілдері.
Айта кетейік, бұған дейін Мәжілісте педагогтердің жауапкершілігі тек оқу-тәрбие процесі аясында қаралатыны айтылған болатын.
RUS