Жүн өңдейтін кәсіпорын салуға 217 млн теңгеге дейін субсидия беріледі

05.05.2023, 11:35
884
Жүн өңдейтін кәсіпорын салуға 217 млн теңгеге дейін субсидия беріледі smartnews.kz

Жүн өңдеу кәсіпорындарының құрылысына кеткен шығынды инвестициялайтын қаражат көлемі 868 млн теңгеден аспауы керек. Мемлекет соның 25 пайызына субсидия береді. «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасына осындай өзгеріс енгізілмекші, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

 

Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында айтты.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасының реттеушілік саясаттың консультативтік құжатымен отандық тауар өндірушілерді қолдау, сондай-ақ сапалы тауарларды сатып алу мақсатында тапсырыс берушіге отандық өнім берушілер өндіретін бірнеше тауарлардың фирмалық атауларын көрсетуге мүмкіндік беру көзделген. Қазіргі кезде аталған заң жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр.

Өз кезегінде жүнді өңдеу саласын дамыту үшін Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары шеңберінде жаңа кәсіпорындарды салу және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту кезінде жүн жуу кәсіпорындарының шығындарын өтеу көзделген. Жүн өңдеу кәсіпорындары құрылысының ең жоғары рұқсат етілген құны 868 млн теңгені, кеңейту – 430 млн теңгені құрайды. Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі 25% құрайды», - делінген жауапта.

Сондай-ақ, Үкімет басшысының айтуынша, жүн дайындаушы ұйымдарға мемлекеттік қолдау ретінде жүн қырқу пунктерін, жылжымалы қырқу пунктін, қой қырқатын электрлік механикалық құрал-саймандарды 25 % мөлшерде субсидиялау қарастырылған.

«Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы жануарларының жүнін өңдеу тауарлары Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларының Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) өңдеу саласындағы басым жобалар бойынша кредит және қаржылық лизинг берілетін тауарлар тізбесіне енгізілген. Мемлекеттік бюджеттен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ құралдары арқылы 3% кредиттік мөлшерлемемен жеңіл өнеркәсіптің инвестициялық жобаларын қаржыландыру үшін 50 млрд теңге бөлінді», - деп жазады Әлихан Смайылов.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды