666

Түркиядағы дауылды ескертуден кейін Димаш концертінің өтетін орнын өзгертті

Димаш Құдайберген дауылды ескертуге байланысты Антальядағы концерті өтетін орын ауыстырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Түркиядағы дауылды ескертуден кейін Димаш концертінің өтетін орнын өзгертті
dimashnews.com

«Құрметті достар! 6 мамырға Антальяда жарияланған дауылды ескертуге байланысты Димаштың»Stranger«концерті Ақдениз ашық стадионынан Antalya EXPO 2016 аумағында орналасқан Antalya EXPO Kongre Merkezi жабық алаңына ауыстырылатынын хабарлаймыз», - делінген әншінің парақшасындажарияланған хабарландыруда. 

Сондай-ақ барлық көрермен сағат 16:00-20:00 аралығында Ақдениз стадионынан жаңа алаңға дейін және кері бағытта тегін трансфер ұйымдастырылатыны айтылған. Кері қайтушыларға уақыт шектеуі жоқ. Концерт залына өз бетімен жетуге де болады.

Толық ақпарат https://dimashali.com/event/antalya/парақшасында орналастырылған.