Маңғыстауда сарбаз қазасынан кейін әскери бөлім командирі сотқа тартылмақ

13.05.2026, 11:47
482
Маңғыстауда сарбаз қазасынан кейін әскери бөлім командирі сотқа тартылмақ Shutterstock

Қайғылы оқиғадан кейін бірнеше әскери басшы қызметінен босатылып, ондаған адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысында мерзімді әскери қызмет сарбазының қазасына байланысты әскери бөлім командиріне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы Бас әскери прокуратура мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің командирі қызметтік міндетіне салғырт қарады деген күдікке ілінген. Тергеу нұсқасы бойынша, дәл осы немқұрайдылық 17 ақпанда болған қайғылы оқиғаға себеп болған.

Прокуратура мәліметіне сәйкес, бөлім командирі жеке құрамды бақылау мен қарумен жұмыс істеу тәртібін қамтамасыз етуге қатысты жарғылық талаптар мен ведомстволық бұйрықтарды толық орындамаған. Соның салдарынан сарбаз Жайғалиев Р. атыс кезінде өлімге әкелген жарақат алған.

Іс бойынша әскери прокурорлардың бақылауымен жедел-тергеу тобы жұмыс жүргізіп, қажетті дәлелдер мен сараптамалар қысқа мерзімде жинақталған.

Тергеу аяқталған соң қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді.

Сонымен қатар оқиғадан кейін барлау-шабуылдау батальонының командирі, оның орынбасары және рота командирі қызметтерінен босатылған. Бұдан бөлек, 10 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Еске салайық, 17 ақпанда «Бейнеу» полигонында жоспарлы далалық атыс жаттығулары кезінде Құрлық әскерлерінің «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты мерзімді қызмет сарбазы қарумен жұмыс барысында оқ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған еді. Аталған істі Бас прокуратура ерекше бақылауға алған болатын.

Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді