«Түнде кездескен»: Мұғалім 16 жастағы оқушымен қатынасқа түсіп, күйеуінің көзіне шөп салған

Азиз Қалижан Редактор
13.05.2026, 16:50
983
«Түнде кездескен»: Мұғалім 16 жастағы оқушымен қатынасқа түсіп, күйеуінің көзіне шөп салған regnum.ru

Әйел бұл қылығын күйеуіне өзі жеткізген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-та мұғалім мен мектеп оқушысына қатысты жанжал қоғамды шулатты. Вашингтон штатында бастауыш сынып мұғалімі кәмелетке толмаған жасөспіріммен интимдік байланыс орнатты деген күдікке ілінді. Әйел кейін бұл туралы күйеуіне өзі мойындаған.

Америкалық The Star басылымының мәліметінше, күдікке ілінген 25 жастағы бастауыш сынып мұғалімі Маккензи Нот. Тергеу дерегіне сәйкес, 16 жастағы жасөспірімнің отбасы мұғалімнің отбасымен аралас-құралас болған.

Белгілі болғандай, мұғалім жасөспіріммен мессенджер арқылы хат жазысып жүрген. Бір күні түнде күйеуі ұйықтап қалғаннан кейін ол оқушыны кездесуге көндірген. Түнгі уақытта жасөспірім көлігімен келіп, мұғалімді алып кеткен.

Кейін олар оңаша жерге барып, сөйлескен. Тергеу нұсқасы бойынша, сол жерде мұғалім жасөспірімге жақындасып, кейін екеуінің арасында интимдік қатынас болған.

Оқиғадан кейін жасөспірімнің өзі мұғалімнің күйеуіне хабарласып, болған жайтты айтып берген. Артынша ер адам полицияға жүгінген. Ал ұсталардан бірнеше сағат бұрын әйел күйеуіне опасыздық жасағанын мойындаған.

Алғашында мұғалім полицейлерге жасөспіріммен орынсыз қатынас болғанын жоққа шығарған. Алайда кейін кінәсін толық мойындап, оқушының жасын білгенін де растаған.

Сот шешімімен Маккензи Нот 10 мың доллар көлеміндегі кепілақымен босатылған. Қазір іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады