KASE 30 жылдық мерейтойына орай Астанада сакура аллеясын отырғызды

05.05.2023, 14:25
752
KASE 30 жылдық мерейтойына орай Астанада сакура аллеясын отырғызды

"Қазақстан қор биржасы" АҚ Астанадағы Президенттік саябақта KASE аллеясын салудың салтанатты рәсімін өткізді.

2023 жылғы 04 мамырда "Қазақстан қор биржасы" АҚ 30 жылдық мерейтойына орай Астана қаласының әкімдігімен және "Тұрақты даму" Жер қорымен бірлесіп Қазақстан Республикасы астанасының Президенттік саябағында KASE аллеясын салудың салтанатты рәсімін өткізді.

"Қазақстан қор биржасы биыл өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Біздің мерейтойымызға орай, сондай-ақ орнықты даму саясатымыз және бизнесті тұрақты жүргізу стандарттарын ілгерілету шеңберінде біз елордамыз - Астана қаласының дамуына өз үлесімізді қосқымыз келеді және әдемі ұзақ өмір сүретін, ағаштардың ең көне түрлерінің бірі – сакураның 100 көшетін отырғызғымыз келеді. KASE аллеясын салу елордамыздың, еліміздің және Ұлттық биржамыздың әл-ауқаты мен өркендеуінің символына айналсын", – деп атап өтті KASE Басқарма Төрайымы Алина Алдамберген.

KASE аллеясын салудың салтанатты рәсімінде негізгі спикерлер ретінде: KASE Басқарушы директоры Еркін Сыздықов, Астана қаласы әкімдігінің Инвестициялар және кәсіпкерлік басқармасының басшысы Халел Акимжанов, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаменті Директорының орынбасары Иван Сердюк, "Тұрақты даму" Жер қоры Төралқасының Төрайымы Динара Сәдуақасова сөз сөйледі.

Қазақстан қор биржасы - бұл елдің қор, валюта, ақша және деривативтер секілді 4 биржалық нарығына қызмет көрсететін көпфункционалды сауда алаңы.

Отандық эмитенттердің қаржыландыруын тарту үшін қаржы құралдарының кең спектрін құру, елдің қаржы жүйесіндегі өтімділікті қайта бөлу мен жергілікті және шетелдік инвесторлар үшін айқындық пен қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған тұғырнаманың тиімді жұмысы есебінен Қазақстан экономикасының өсуіне жәрдемдесу Биржаның миссиясы болып табылады.

Биржа инновация, жауапкершілік, ашықтық және еліміздің болашағына қамқорлық сияқты жоғары стандарттар мен корпоративтік құндылықтарды ұстанады.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қалыптасқан күннен бастап 30 жыл бойы қазақстандық биржалық нарық үздіксіз өсіп, дамыды. ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ, ҚР Ұлттық Банкінің ноталарымен, корпоративтік эмитенттердің облигацияларымен сауда-саттық дәйекті түрде басталды, 10-нан астам IPO өткізілді.

Өткен жылы KASE-де сауда-саттықтың жиынтық көлемі 50%-ға ұлғайып, 261,6 трлн теңгеге жетті. 2023 жылдың алғашқы 4 айында Биржадағы сауда-саттықтың жиынтық көлемі 15%-ға өсіп, 98 трлн теңгені құрады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады