Алматыда соғыс ардагерлеріне стомотологиялық қызмет көрсету үшін бюджеттен 27 млн тенге бөлінді

05.05.2023, 15:28
540
Алматыда соғыс ардагерлеріне стомотологиялық қызмет көрсету үшін бюджеттен 27 млн тенге бөлінді smartnews.kz

Алматы әкімдігі Жеңіс күнінің 78 жылдығын мерекелеу қарсаңында соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдарға қолдау көрсету шараларына шолу жасады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматы әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша былтырдан бері соғыс ардагерлері жалпы практика дәрігерлері мен арнайы мамандардың кеңейтілген тексеруінен өтіп тұрады. Сондай-ақ жалпы клиникалық талдауларды тегін тапсырып, электрокардиография, ультрадыбыстық зерттеу, магниттік-резонанстық томография мен компьютерлік томографиядан өтеді. Бұдан бөлек, ардагерлер мен оларға теңестірілген адамдарға стационарда оңалту, санаторий-курорттық емдеу және стоматологиялық көмек көрсетіледі.

Жыл басынан бері 673 адамға тіс протездеу қызметі көрсетілді. Осы мақсаттар үшін соғыс ардагерлерінің қалалық емханасына 2023 жылға Алматы бюджетінен 27 млн теңге бөлінді.

«2023 жылдың басынан бері тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында Екінші дүниежүзілік соғыстың 3243 қатысушысы және оларға теңестірілген адамдар кеңейтілген медициналық тексеруден өтті. Жыл соңына дейін осы санаттағы алматылықтардың 100% - ы кеңейтілген медициналық тексеруден өтеді»,- деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Сонымен қатар, өздігімен жүре алмайтын науқастарды ай сайын учаскелік дәрігерлер немесе медбикелер тексереді. Дәрі-дәрмектерді үйге тегін жеткізу ұйымдастырылды. Жыл соңына дейін 3900-ден астам өздігінен қозғала алмайтын пациент үйінде толық медициналық тексеруден өтеді.

Барлық медициналық ұйымдарда қарт жауынгерлер мен оларға теңестірілген адамдарға үнемі естелік сыйлықтар мен азық-түлік салынған дорба тапсырылады.

Сондай-ақ, Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша әлеуметтік қызмет мамандары ардагерлерді тұрақты аралайды, соның нәтижесінде оларға қандай көмек қажет екенін анықтайды және оны атаулы түрде көрсетеді.

- Жөндеу және монтаждау жұмыстары;

- Тұрмыстық құрылғыларды алуға көмек көрсетіледі;

- Материалдық көмек;

- Заңгерлік және басқа көмек.

Мысалы, Наурызбай ауданының ардагерінің кіреберісінің ағаш терезелері жаңасына ауыстырылып, есігінің алдына асфальт төселді.

Алатау ауданының ардагеріне 1,5 млн теңгеге су құбыры мен кәріз желісін тарту жұмыстары жүргізілді. Өтініштер әртүрлі және ешқайсысы назардан тыс қалмайды.

Аға буын алматылықтардың өмір сүру сапасы мен ұзақтығын жүйелі түрде арттыру үшін мегаполисте 50 мыңнан астам адамға тегін әлеуметтік қызмет көрсететін белсенді ұзақ өмір сүрудің 9 орталығы жұмыс істейді. 2023 жылы тағы бір осындай орталық ашу жоспарда.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды