842

Шекараны күзетудің жаңа техникалық құралдары сынақтан өтіп жатыр - Ерлан Алдажұманов

Шекараны күзетудің жаңа техникалық кешендері құрылды. Бұл туралы елордада Бүкілармиялық кеңестің отырысында ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Ерлан Алдажұманов айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Шекараны күзетудің жаңа техникалық құралдары сынақтан өтіп жатыр - Ерлан Алдажұманов
ашық көзден алынды

«Белсенді іс-қимыл бағытында шекара учаскелерін инженерлік жабдықтау жалғасып келеді. Сонымен қатар, шекараны күзетудің жаңа техникалық құралдары, заманауи қару-жарақ пен техника үлгілері сынақтан өтіп жатыр. Шалғайда орналасқан жерлерде пилотсыз ұшу аппараттары және мобильдік бейнебақылау кешені қолданылып жатыр. Кейбір учаскелерде термовидео мен бейнебақылау жабдықтарын қолдана отырып, шекараның ұзын учаскелерін күзетудің техникалық кешендері құрылған», - деді Е. Алдажұманов.

Оның айтуынша, 2020 жылдан бастап шекараны күзетуде арнайы мақсаттағы бөлімшелер құрылды.