Ерекше қорғалатын аумақтарға мал жайып, шөп шапқандарға салынатын айыппұл көлемі ұлғайды

05.05.2023, 17:09
636
Ерекше қорғалатын аумақтарға мал жайып, шөп шапқандарға салынатын айыппұл көлемі ұлғайды smartnews.kz

Ерекше қорғалатын аумақтарда заңсыз шөп шапқан, мал жайған және қоқыс тастағандарға салынатын айыппұл мөлшерлері ұлғайтылды. БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Ерекше қоғалатын табиғи аумақтарда экологиялық жауапкершілікті арттыру мақсатында ҚР Қылмыстық және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, енді заңсыз шөп шабу мен мал жаю, орманды қалдықтармен ластау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу тәртібін бұзу бойынша айыппұл мөлшерлері ұлғайтылды. Сондай-ақ, Салық кодексіне ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіруі үшін ақыны автокөліктерден алу мүмкіндігін көздейтін тиісті өзгерістер еңгізілді», - деді Данияр Тұрғамбаев.

Спикер сөзінше, Қазақстан БҰҰ-ның Даму Бағдарламасымен бірлесіп, туристтік қызметтер саласындағы ұлттық стандарттарға бірқатар өзгеріс енгізіліп жатыр. Ол табиғатқа қарсы адам қолымен жасалатын әрекеттерді азайтуға ықпал етпек.

Сонымен бірге, Данияр Тұрғамбаев 2022 жылы ұлттық парктердің аумағында ереже бұзған адамдарға 640 млн теңге айыппұл салынғанын айтты.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)