SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семейде тұрғындар балалар алаңының маңында әдепсіз әрекет жасаған ер адамды ұстап алып, полицияға тапсырды.
Оқиға қаланың Восточный ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Әлеуметтік желілерде тараған видеода ер адамның подъезде тұрып, аулада жүрген адамдарға қарап тұрғаны көрсетілген. Сол сәтте балалар алаңында кәмелетке толмағандар мен ересектер болған.
Куәгерлердің айтуынша, тұрғындар ер адамның оғаш әрекетін байқап қалып, оны өздері ұстап қалған. Кейін оқиға орнына полиция шақырылған.
Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 42 жастағы Семей тұрғынына қатысты әкімшілік шара қолданылған.
«Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ол Восточный ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің подъезінде заңға қайшы әрекет жасаған. Қазіргі таңда бақылауға алынды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Оқиға әлеуметтік желіде кең талқыланып, тұрғындар балалар жүрген аумақтардағы қауіпсіздік мәселесін көтерді.
RUS