SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Режеп Тайип Ердоған Түркістанға сапары кезінде кортежін күтпеген жерден тоқтатып, жол бойында қарсы алған тұрғындармен амандасты.
Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті аясында Түркістанға келген Түркия басшысының бұл әрекеті әлеуметтік желіде кең тарады. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі жариялаған видеода Ердоғанның көліктен түспей-ақ тұрғындарға назар аударып, олармен тілдесіп, суретке түскені көрінеді.
Көпшілік Түркия президентінің қарапайым халыққа көрсеткен ықыласын жылы қабылдады. Желі қолданушылары оның тұрғындарға деген құрметі мен ашық қарым-қатынасын ерекше атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан мен Түркия арасындағы мәңгілік достық пен кеңейтілген стратегиялық әріптестік туралы декларацияға қол қойған болатын.
RUS