«9,5 мың мильге барып соғыспаймыз»: Трамп Тайвань мәселесіне пікір білдірді
Трамп Тайвань мен Қытай төңірегіндегі шиеленіске қатысты мәлімдеме жасады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Тайвань мәселесіне байланысты Қытаймен соғысқысы келмейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, Вашингтон Тайвань тәуелсіздігін жариялауға итермелейтін әрекеттерді қолдамайды.
Ақ үй басшысы журналистермен әңгіме барысында АҚШ ешкімнің Тайваньның тәуелсіздігін жариялап, кейін Америкадан әскери қолдау күтетін жағдайға жеткізгісі келмейтінін айтты.
«Біреу тәуелсіздік жариялап, кейін бізге 9,5 мың миль асып барып соғысуға тура келетін жағдайды қаламаймын», – деді Дональд Трамп.
Сонымен қатар ол қазіргі жағдай өзгермесе, Қытай Тайваньға қатысты қатаң қадамдарға бармауы мүмкін екенін де атап өтті.
Трамптың сөзінше, АҚШ Тайваньға «біз сендерді бәрібір қорғаймыз» деген белгі беруден сақтануға тырысып отыр.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев та Тайвань тәуелсіздігін не себепті қолдамайтынын түсіндірген еді.
Материал авторы