Елордада сирек кездесетін өсімдіктерге қатысты жауапкершілік күшейтілді

05.05.2023, 18:23
577
Елордада сирек кездесетін өсімдіктерге қатысты жауапкершілік күшейтілді smartnews.kz

Астана қаласын көгалдандыру және жасыл желекке бөлеудің жаңа қағидалары әзірленді. Бұл туралы Астана қаласы қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бүгін басқарма басшысы қоғамдық кеңес отырысында «Астана қаласының аумағында жасыл желектерді құру, күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» жоба мәслихат қарауына ұсынылатынын айтты.

Оның айтуынша, аталған жоба «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңға және экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен бекітілген елді мекендерді жасыл желектерді құрудың, күтіп – ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді.

«Осы іске бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жауапты болған. Өткен жылдан бастап аталған функция Экология министрлігіне берілді. Жаңа жоба талаптарына келсек, жасыл желекті дамытуды ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде елорданың аудандық әкімдік аппараттары жүзеге асырады. Сондай-ақ, Астана қаласының бас жоспарына сәйкес көгалдандыру объектілері ортақ пайдаланылатын жерлерде құрылады деген толықтыру енгізілді», - деді Әлия Қожаева қоғамдық кеңес отырысында.

Басқарма басшысы айтқан тағы бір жаңашылдық, көгалдарда автокөлікті қоюға тыйым салынды.

«Сол сияқты сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жасыл желектерді кесуге уәкілетті органның рұқсат беруіне тыйым салынды. Осылайша ағаш және өсімдік түрлерін заңсыз кесу, оларды трансплантациялау бойынша жауапкершілік күшейтілді», - дейді ол.

Сондай-ақ, елорданы көгалдандыру жобасы «Ашық НҚА» порталында қоғам талқысынан өткен.

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған