«Тағы қайталаймыз»: аңызға айналған рэпер Алматыдағы көрерменге тәнті болды
Алматыдағы концерттен кейін Баста Раймс халыққа үндеу жасады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Busta Rhymes Алматыда өткен концерттен кейін қазақстандық тыңдармандарына алғыс айтты. Аты аңызға айналған хип-хоп орындаушысы халықаралық SOLANA фестивалінде өнер көрсетіп, әлеуметтік желіде әсерімен бөлісті.
Рэпер Instagram парақшасында концерттен кадрлар жариялап, алматылық көрермендердің энергиясына тәнті болғанын жазды. Оның айтуынша, фестивальдің алғашқы кешіне 50 мыңнан астам адам жиналған.
«Керемет энергиямен келген барлық жанға үлкен құрмет! 50 мыңнан астам адам, толық sold out болды. Махаббаттарыңыз үшін рақмет! Мұны міндетті түрде тағы қайталаймыз», – деп жазды орындаушы.
SOLANA Festival Орталық стадион алаңында өткен. Концерттен кейін желі қолданушылары рэпердің харизмасы мен сахнадағы қуатын ерекше атап өтті.
Жанкүйерлер пікірлерінде «Қазақстанға қайта келіңіз», «Фестивальдегі ең мықты өнер көрсеткен әртіс болды», «Нағыз аңыз» деген жазбалар қалдырған.
Әлемдік хип-хоп сахнасының жұлдызының Алматыдағы концерті әлеуметтік желілерде кең талқыланып, фестивальдің ең есте қалған сәттерінің біріне айналды.
Материал авторы