523

Жануарларға қамқор болуды бала кезден үйрету: Алматыда Purina «Біз – сенің достарыңбыз» бағдарламасы қорытындыланды

Алматы мен Астанада 3000-нан астам бала үй жануарларына жауапкершілікпен қарауға арналған «Біз – сенің достарыңбыз» білім беру бағдарламасына қатысып жатыр.

Жануарларға қамқор болуды бала кезден үйрету: Алматыда Purina «Біз – сенің достарыңбыз» бағдарламасы қорытындыланды
Nestlé Purina Pet Care

Алматыда Purina «Біз – сенің достарыңбыз» білім беру бағдарламасының қорытындылары таныстырылды. Бағдарлама балаларға ерте жастан бастап үй жануарларына қамқормен әрі жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарламаны Қазақстандағы Nestlé компаниясы және үй жануарларын азықтандыру мен күту саласындағы сарапшы Purina бренді Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығымен және Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығымен серіктестікте жүзеге асыруда. Жоба серіктестері - Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен Қазақстанның Ұлттық ветеринарлық палатасы.

«Біз – сенің достарыңбыз» бағдарламасы – қоғамда үй жануарларына жауапкершілікпен қарауды ілгерілетуге бағытталған Purina брендінің жаһандық бастамасының бір бөлігі. Жоба 2025 жылдан бастап Алматы және Астана қалаларындағы мектептер мен балабақшаларда жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаға 6–8 жас аралығындағы 3000-нан астам бала қатысуда.

Интерактивті әрі қызықты сабақтар арқылы балалар үй жануарларына күтім жасаудың негіздерімен, олардың адам өміріндегі рөлімен және жануарлармен қауіпсіз қарым-қатынас жасау ережелерімен танысады. Сабақтар Purina бренді әзірлеп, мектептерге ұсынған түрлі-түсті жұмыс дәптерлері арқылы өткізіледі.

Бағдарлама аясында қосымша шығармашылық белсенділіктер де ұйымдастырылады. Соның бірі – «Мейірімді суреттер» байқауы. Байқау шарттарына сәйкес балалар өз үй жануарының суретін салады, ал Purina әрбір суретті баспаналардағы панасыз жануарларға арналған бір килограмм азыққа «айналдырады». Бағдарламаның www.pet-school.kz  сайтында 160-тан астам жұмыс жүктелді. Қатысушылардыңбелсенділігінен шабыт алған бренд көмектің көлемін едәуір кеңейтіп, Алматы мен Астанадағы бес баспанаға7000 килограмм жем жіберу туралы шешім қабылдады. Бұл - байқау шарттарында бастапқыда қарастырылған көмек көлемінен 40 есе көп.

Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелікорталығының бөлім басшысы Татьяна Ежова:

«“Бізсенің достарыңбызбағдарламасы балаларға ерте жастан бастап жануарларға жанашырлықпенқарауды үйретеді. Ойын және шығармашылық форматтары арқылы балаларда эмпатия, жануарлардыңқажеттіліктерін түсіну және адамның олардың өміріндегі рөлін сезіну қабілеті дамиды. Бастаманыңбалаларды, ұстаздар мен ата-аналарды біріктіретіні ерекше маңызды», – деп атап өтті.

Ал Purina компаниясының Еуразия өңірі бойынша үй жануарларына арналған азық санатын дамыту жөніндегі менеджері Александр Каменский:

«Балалардың өз әрекеттерінің жануарларға нақты пайда әкелетінін көруі біз үшін аса маңызды. Әрбір суреттек шығармашылық жұмыс емес, сонымен қатар панасыз қалған жануарларға көрсетілген нақты көмек. Бұлбалаларға тіпті шағын әрекеттердің де біреудің өмірін жақсы жаққа өзгерте алатынын түсінуге көмектеседі», – деді.

Бұл бастама ұзақ мерзімді жарқын өзгерістер қамқорлық мәдениетін бала кезден қалыптастырудан басталатынын көрсетеді.

Іс-шара Алматы қаласындағы №91 балабақша базасында өтті. Аталған балабақша бағдарлама жүзеге асырылатын алаңдардың бірі ретінде балалардың жануарларға қамқорлықпен қарауын дамытуға бағытталған бастамаларды белсенді қолдайды.