1962

Доп тиіп жарақат алған әйелмен «Ақтөбе» клубы келісімге келді

Кубок матчында трибунаға ұшқан доп әйелдің басына тиіп, ол ауыр жарақат алған.

Доп тиіп жарақат алған әйелмен «Ақтөбе» клубы келісімге келді
Instagram/fcaktobe_official

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Ақтөбе» футбол клубы кубок матчында жарақат алған жанкүйер Аянай Елтоқовамен өзара келісімге келгенін мәлімдеді.

Оқиға «Ақтөбе» мен «Алтай» арасындағы кездесуде Орталық стадионда болған. Қонақ команда ойыншысының тепкен добы жоғары жылдамдықпен трибунаға ұшып барып, көрермен әйелдің басына тиген.

Кейін зардап шеккен әйел ауыр жарақат алғанын айтқан. Дәрігерлер оның бетіне тігіс салып, жабық бас-ми жарақаты мен ми шайқалуын анықтаған. Оқиғадан соң әйел бас ауруы, күйзеліс және ұйқысыздық мазалағанын жеткізді.

Клубтың баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиғадан кейін бірден алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жанкүйер жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.

Кейін Аянай жұбайымен бірге клуб кеңсесіне барып, команда ойыншысы Луиш Нанимен кездескен. Футболшы отбасыға қолтаңбасы қойылған жейде мен стадионның қауіпсіз секторына арналған екі маусымдық абонемент сыйлаған.

«Ақтөбе» клубы тараптардың татуласқанын және мәселенің бейбіт түрде шешілгенін хабарлады. Сондай-ақ клуб алдағы уақытта үй матчтарында жанкүйерлер қауіпсіздігіне ерекше назар аударылатынын мәлімдеді.

Материал авторы