Жапонияда жер сілкінісінен бір адам қаза тауып, 22-сі зардап шекті

06.05.2023, 09:38
375
Жапонияда жер сілкінісінен бір адам қаза тауып, 22-сі зардап шекті Синьхуа

Жұма күні Жапония орталығына жақын орналасқан аудандарда және Исикава префектурасында 6,5 магнитудасымен болған жер сілкінісі салдарынан 1 адам қаза тауып, 22-сі зардап шекті. Smartnews.kz сайты бұл туралы Синьхуа-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Жапония метеорологиялық агенттігінің (JMA) мәліметінше, қуатты зілзала жергілікті уақытпен сағат 14:42-де (Гринвич бойынша 05:42) Судзу қаласында болды. Қала Исикава префектурасындағы Ното түбегінде орналасқан.

Жерасты дүмпуінің күші сейсмикалық қуаттылықтың жапония шкаласы бойынша 6 балды құрады. Айта кетейік, максималды шкала – 7. Тербеліс 12 км тереңдікте орналасты.

Жергілікті полиция мәліметінше, жер сілкінісі салдарынан 65 жастағы ер адам Судзу қаласында баспалдақтан құлап кетіп, мерт болды.

Сондай-ақ үш үй қираған, қирандылар арасында қалып қойған екі адам құтқарылды.

JMA дерегінше, сағат 21:58-де (Гринвич бойынша 12:58) Ното түбегі аумағында 5,8 магнитудасымен бірнеше жерасты дүмпуі тіркелді.

Метеоролгиялық агенттік жер сілкінісі апта бойы қайталануы мүмкін екендігін ескертті.

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады