625

Отандасымыз АҚШ-тың жоғары дипломатиялық қызметіне тағайындалды

АҚШ Сенаты Қазақстан тумасы Әсел Робертсті елші қызметіне бекітті.

Отандасымыз АҚШ-тың жоғары дипломатиялық қызметіне тағайындалды
АҚШ елшілігі

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ Сенаты Қазақстанда туған 50 жастағы Әсел Робертсті Словениядағы төтенше және өкілетті елші қызметіне ресми түрде бекітті.

Этникалық қазақтың кандидатурасын биыл ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған. Жуырда америкалық сенаторлар 49 маңызды кадрлық тағайындауды қамтыған пакетке дауыс беріп, Робертстің кандидатурасын қолдады.

Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі бұл оқиғаның тарихи маңызын ерекше атап өтті. Әсел Робертс америкалық дипломатия жүйесінде осындай жоғары лауазымға көтерілген алғашқы этникалық қазақ атанды.

Жаңа елшінің АҚШ мемлекеттік құрылымдарында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін АҚШ-қа қоныс аударған. Кейін беделді Джорджтаун университетін тәмамдап, бес бірдей президент әкімшілігінде қызмет атқарған.

Әсел Робертс Мемлекеттік департаменттегі жоғары деңгейдегі келіссөздерді үйлестіріп, Ақ үйдің Батыс қанатындағы операциялар дирекциясын басқарған. Сондай-ақ 2020–2021 жылдардағы билік транзиті кезеңінде АҚШ-тың бас протоколдық кеңесшісі міндетін уақытша атқарған.

Ол қазақ, ағылшын, орыс және жапон тілдерін еркін меңгерген.

Сенаттағы тыңдау кезінде Робертс Словенияны еуроатлантикалық аймақтың қауіпсіздігі мен қорғанысындағы маңызды мемлекеттердің бірі деп атады. Оның айтуынша, Люблянадағы дипломатиялық миссиясының негізгі бағыты — НАТО аясындағы байланысты күшейту және трансатлантикалық сауданы дамыту болмақ.

Материал авторы