2393

АҚШ президенті Иран келісімге келмесе, шұғыл әрекетке дайын екенін мәлімдеді

Трамп Иранға шарт қойып, бірнеше күн уақыт берді.

АҚШ президенті Иран келісімге келмесе, шұғыл әрекетке дайын екенін мәлімдеді
Alex Wong / Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен байланысты әскери шиеленісті реттеу бойынша Тегераннан нақты жауап күтіп отырғанын, бұл үшін «бірнеше күн» ғана уақыт беретінін мәлімдеді. Егер келісімге қол жеткізілмесе, Ақ үй шұғыл шараларға көшуге дайын екенін ескертті.

Тегеран мәселесі бойынша пікір білдірген АҚШ көшбасшысы жағдайдың кез келген сәтте ушығуы мүмкін екенін ашық айтты. Бұл туралы ол Эндрюс әскери базасы аумағында журналистерге берген брифинг барысында мәлімдеген.

Трамптың айтуынша, Вашингтон тарапынан барлық сценарий қарастырылған және дипломатиялық келісім болмаса, АҚШ әрекет етуге толық дайын.

«Егер дұрыс жауап алмасақ, бәрі өте тез өзгеруі мүмкін. Біз толық дайынбыз. Қанша күтемін? Мүмкін бірнеше күн ғана, бірақ жағдай өте жылдам өрбуі ықтимал», – деді ол.

Тегеранның жауабы

АҚШ мәлімдемелеріне Иран ресми түрде жауап беріп, жағдайды мұқият қарап жатқанын хабарлады. Иран Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің айтуынша, Вашингтоннан келген сигналдар талданып жатыр.

«Біз АҚШ-тың пікірлерін алдық және оларды зерттеп жатырмыз», – деп келтіреді Nour News агенттігі Иран СІМ өкілі Эсмаил Багаидің сөзін.

Материал авторы