614

Атырауға келген Қуат Хамитовтың сапары айыппұлмен аяқталды

Қуат Хамитовқа арналған кортеж жұрттың қызу талқысына түсті.

Атырауға келген Қуат Хамитовтың сапары айыппұлмен аяқталды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауға аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтың келуі жанкүйерлердің ғана емес, полицияның да назарын аудартты.

23 мамыр күні «Жайық» спорт кешенінде Batyr Fighting Championship ұйымының алғашқы турнирі өтпек. Кештің басты жекпе-жегі ретінде «Найман» лақап атымен танымал Қуат Хамитов пен Иран файтері, поп-MMA әлеміндегі даулы тұлғалардың бірі Али Хейбати арасындағы кездесу жарияланған.

Турнир ұйымдастырушыларының Instagram парақшасында Хамитовты Атырауда қарсы алу сәті түсірілген видео жарияланды. Кадрларда Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық академиялық драма театрының актрисасы Лашын Нұркенқызы қозғалыстағы көліктің терезесінен шығып, файтерге сәлем жолдайды.

Видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көп ұзамай полицияның назарына ілікті.

Атырау облыстық полиция департаменті аталған әрекетке қатысы бар азаматтарға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылғанын мәлімдеді.

«Хаттамалармен Атырау қалалық полиция басқармасында танысуға болады», — деп хабарлады ведомство.

Материал авторы