Дербес өмірге алғашқы қадам: елорда колледжінде ерекше қажеттіліктері бар 22 түлек кәсіби курстарды аяқтады
Астанада ерекше білім беруді қажет ететін жасөспірімдер мен жастарға арналған «Оқу-өндірістік комбинаттар» жобасы түлектеріне мемлекеттік үлгідегі куәліктерді табыстау рәсімі өтті. Биыл ерекшеліктері бар 22 жасөспірім мен жастар «Кондитер», «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» және «3D-дизайн» бағыттары бойынша оқуды сәтті аяқтады.
Жоба 2024 жылдан бастап «Bolashak Charity» қоғамдық қорының бастамасымен Астана қаласы әкімдігінің және «AMANAT» партиясының қолдауымен жүзеге асырылып келеді. 2026 жылы жобаның демеушісі ретінде Астанада «Кондитер» бағыты бойынша 10 қатысушының оқуын қаржыландырған Orda Invest компаниясы қолдау көрсетті.
Жобаның мақсаты — ерекше білім беруді қажет ететін жасөспірімдер мен жастарға кәсіби білім алу, әлеуметтену және әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ұсыну. Бағдарламаға 14 жастан бастап жасөспірімдер, сондай-ақ даму ерекшеліктері бар жастар, соның ішінде аутизм спектрінің бұзылыстары, жеңіл және орташа деңгейдегі интеллектуалдық бұзылыстары, психикалық дамудың тежелуі, Даун синдромы, СДВГ және басқа да ерекшеліктері бар қатысушылар қатысады.

ОӨК аясындағы оқыту 8–10 адамнан тұратын шағын топтарда ұйымдастырылады. Курстың ұзақтығы таңдалған дайындық бағытына қарай 6 айдан 9 айға дейін созылады. Оқу процесі практикалық бағытта жүргізіледі: сабақтар колледждер базасында оқу шеберханалары мен кәсіби жабдықтарды пайдалана отырып өтеді. Қатысушыларды өндірістік оқыту шеберлері, қолданбалы мінез-құлық талдауы мамандары және тьюторлардан тұратын пәнаралық команда сүйемелдейді. Оқу барысында визуалды кестелер, чек-парақтар, қадамдық нұсқаулықтар және құрылымдалған сабақ режимі қолданылады. Бұл қатысушылардың оқу процесіне бейімделуін арттырып, алаңдаушылық деңгейін төмендетуге көмектеседі.
Бүгінде жоба Астана, Қарағанды, Орал және Атырау қалаларында іскеасуда. 2024 жылдан бері ОӨК аясындағы оқытумен 133 қатысушы қамтылды. Олардың ішінде 14 жасөспірім түрлі ұйымдарда тағылымдамадан өтті, 5 қатысушы жұмысқа орналасты, ал 29-ы колледждерге оқуға түсті.
2025–2026 оқу жылында Астанадағы жобаға 15 пен 28 жас аралығындағыаутизм спектрінің бұзылыстары, Даун синдромы, психикалық дамудың тежелуі, интеллектуалдық бұзылыстары, сөйлеу және есту қабілетінің бұзылыстары бар 22 жасөспірім мен жас қатысты. Оқу алты ай бойы — аптасына екі рет үш сағаттан — Астана қаласының Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі базасында, сондай-ақ жобаның серіктесі BURO Architecture & Design кеңсесінде өтті. «Кондитер» бағыты бойынша 10 қатысушы, «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» бағыты бойынша 7 қатысушы, «3D-дизайн» бағыты бойынша 5 қатысушы оқудыаяқтады.
Оқу барысында қатысушылар қамырмен жұмыс істеу, кондитерлік өнімдердайындау бойынша практикалық дағдыларды меңгерді, аспаздық пен санитария негіздерін, тігін тігуді, маталармен және тігін машиналарымен жұмыс істеудіүйренді, сондай-ақ 3D-дизайн және модельдеу саласында базалық білім алды.
2025 жылғы маусым айында Көкшетаудан келген аутизмі бар 15 жастағыБатырхан Ұлықмановтың отбасы ұлының болашағы үшін оңай емес, бірақмаңызды шешім қабылдап, Астанаға көшті. Сол кезде Батырхан 8-сыныпты аяқтаған болатын, ал ата-анасы оның алдағы жолы — кәсіби білім алуы, әлеуметтенуі, дербестігі және өмірден өз орнын табу мүмкіндігі туралы жиі ойланабастаған еді. Туған қаласында даму ерекшеліктері бар жасөспірімдерге арналғанмұндай мүмкіндіктер жеткіліксіз болғандықтан, көшу отбасы үшін Батырханныңжаңа мүмкіндіктеріне деген үміт пен сенімге толы қадам болды.
«Батырхан — сабырлы, мейірімді әрі шынайы бала. Оған шулыортада болу, адамдармен қарым-қатынас жасау және тез тіл табысу оңайемес. Біз Көкшетаудан Астанаға ұлымыздың болашағы үшін — оныңдамуына, әлеуметтенуіне және кәсіби білім алуына көбірек мүмкіндік беру үшін көштік. Bolashak Charity қорының ОӨК жобасына қабылдау туралыхабарландыруын көргенде, бұл біз үшін үлкен үміт болды. Батырханныңжобаға қабылданғанына қатты қуандық. Оқу барысында ол өзіне сенімдібола түсті, жаңа дағдыларды меңгеріп, тапсырмаларды орындауды, командада жұмыс істеуді және бастаған ісін соңына дейін жеткізудіүйренді. Бірақ мен үшін ана ретінде ең маңыздысы — оның достары пайдаболды. Біздің ұлымыз үшін бұл үлкен қадам», — деп бөлісті «Кондитер» бағыты бойынша ОӨК жобасының түлегі Батырханның анасы Гүлжайна Буранова.

Іс-шараға «Bolashak Charity» ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара Гаплан, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев, OrdaInvest компаниясының маркетинг, сату және сервис жөніндегі басқарушыдиректоры Өркен Нұрылда, Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжініңдиректоры Зауре Клышбаева, BURO академиясының негізін қалаушы АрайлымБеисова, сондай-ақ түлектер мен олардың ата-аналары, мамандар, әлеуметтіккәсіпкерлер және басқа да қонақтар қатысты.
«Біз үшін ОӨК жобасының тек кәсіби дағдылар беріп қана қоймай, даму ерекшеліктері бар жасөспірімдер мен жастардың өмірінде нақты өзгерістерге жол ашқаны маңызды. Үшінші легтің қорытындысы бойынша біз ата-аналар арасында ішкі сауалнама жүргіздік: жобаның орташа бағасы 10 балдың 9,8 балын құрады, ал ата-аналардың 73%-ы балаларының мінез-құлқы мен дамуында айтарлықтай оң өзгерістер болғанын атап өтті.
Ата-аналар балаларының дербестігі мен өзіне деген сенімінің артқанын, коммуникациясының жақсарғанын, нұсқаулықтарды орындау, топта жұмыс істеу және тапсырмаларды жауапкершілікпен атқару дағдылары қалыптасқанын айтады. Біз үшін бұл әсіресе құнды, өйткені әрбір осындай дағдының артында үлкен дербестікке, әлеуметтенуге және болашақта жұмысқа орналасуға жасалған қадам тұр. Ата-аналардың 100%-ы жобаны басқа отбасыларға ұсынуға дайын екені, ал 67%-ы балалары үшін тағылымдамадан өту және әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігін қарастырып отырғаны да маңызды көрсеткіш.
Біз Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне ОӨК үлгісі бойынша даму ерекшеліктері бар жасөспірімдерге арналған практикалық бағыттағы кәсіби оқытудың мемлекеттік жүйесін дамытуға жағдай жасау жөнінде ұсыныстар бердік. Жобаны 2024 жылдан бері жүзеге асыраотырып, біз кәсіби оқыту моделін ғана қалыптастырып қоймай, келесікезеңге — менталды бұзылыстары бар адамдарды сүйемелденетінжұмысқа орналастыру бағытына өткенімізді сеніммен айта аламыз. Бұлмодель мамандардың, тьюторлардың және мінез-құлық аналитиктерініңқатысуын көздейді, және біз бизнесті оны енгізу процесінде қолдауға дайынбыз», — деп атап өтті «Bolashak Charity» ҚҚ Қамқоршылық кеңесініңтөрағасы Динара Гаплан.

«Bolashak Charity» қоғамдық қоры инклюзивті «ТАТА» кондитерлік цехыменсеріктестікте жұмыстың жаңа бағытын — «Жұмыс орнында сүйемелдеу» жобасын іске қосады. Жоба аясында ОӨК-тің қазіргі және алдыңғы лектерінің алты түлегін «ТАТА» инклюзивті кондитерлік цехына жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Қатысушылардың жұмыс орнында сәтті бейімделуі үшін оларды педагог-ассистенттер сүйемелдейді, ал қордың мінез-құлық аналитигітүлектерге де, жұмыс берушіге де әдістемелік және мінез-құлықтық қолдаукөрсетеді. Мұндай формат оқудан нақты жұмыспен қамтуға қауіпсіз әрі кәсіби өтумаршрутын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Біз Bolashak Charity қоғамдық қорының қызметін бұрыннан бақылапкелеміз және қордың инклюзия тақырыбына қаншалықты жүйеліқарайтынын көріп отырмыз. Біз үшін бұл серіктестік — ОӨК түлектерінжай ғана жұмысқа қабылдау емес, инклюзивті өндірістің дұрыс моделінбірге қалыптастыру мүмкіндігі. Бүгінде кәсіпкерлерде даму ерекшеліктерібар адамдар үшін жұмыс орындарын ашуға ниет болғанымен, көбіненақты алгоритм жетіспейді: команданы қалай дайындау керек, жұмыспроцестерін қалай ұйымдастыру қажет, қызметкерлердің бейімделуі мен сүйемелдеуін қалай қамтамасыз ету керек деген сұрақтар бар. Сондықтанқор мамандарының, педагог-ассистенттердің және мінез-құлықаналитигінің қатысуы біз үшін өте маңызды. Мен ұлым сияқты адамдарөмірден өз орнын, достарын, әріптестерін және сүйікті ісін таба алатынорын құруды армандаймын», — деп атап өтті «ТАТА» инклюзивті кондитерлікцехының, «DARMED» клиникалар желісінің негізін қалаушы, акушер-гинеколог дәрігер, аутизмі бар баланың анасы Айгүл Ешматова.
Іс-шара «Sak Clinic», «Orta Community», «Cvety.kz», «Село Лесное» саудамаркасы, «Hampton by Hilton» қонақүйі, «Sapadent», «My Dent» стоматологиялары, сондай-ақ «Bogachi», «MEGOGO» және «Imaanstudio» компанияларыныңқолдауымен өтті.