Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан сатылып жатыр
Айырбастау пунктеріндегі жаңа бағам жария болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 22 мамырдағы Қазақстанның ірі қалаларындағы валюта айырбастау бағамдарын жариялады.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астанадағы айырбастау орындарында доллар орта есеппен 468,04 теңгеден сатып алынып, 474,96 теңгеден сатылып жатыр.
Еуро бағамы сатып алу кезінде 543 теңге болса, сату құны 552,96 теңгеге жеткен. Ал рубль 6,40–6,70 теңге аралығында саудалануда.
Алматыда доллардың сатып алу бағамы 470,35 теңге, сату бағасы 472,44 теңге болып қалыптасты.
Еуро бұл қалада 546,13 теңгеден қабылданып, 551,14 теңгеден сатылуда. Рубльдің бағамы 6,40–6,55 теңге аралығында өзгеріп тұр.
Шымкенттегі айырбастау пунктерінде доллар 470,78 теңгеден сатып алынып, 472,81 теңгеден сатылып жатыр.
Еуроның құны 545,50–549,65 теңге аралығында болса, рубль 6,45–6,52 теңге шамасында саудалануда.
Ал ресми бағам бойынша бір доллар 471,45 теңге, бір еуро 547,21 теңге, ал бір рубль 6,63 теңге болып бекітілген.
Материал авторы