1585

Бублик үш сетте жеңіске жетіп, ATP-250 турнирінде топ жаруға жақындады

Қазақстандық теннисші алғашқы сетті ұтылып қалғанына қарамастан матч тағдырын өз пайдасына шешіп кетті.

Бублик үш сетте жеңіске жетіп, ATP-250 турнирінде топ жаруға жақындады
Peter Staples/ATP Tour

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Александр Бублик Швейцарияның Женева қаласында өтіп жатқан ATP-250 турнирінің жартылай финалына шықты.

Қазақстанның бірінші ракеткасы ширек финалда франциялық теннисші Артур Риндеркнехпен кездесіп, тартысты матчта жеңіске жетті.

Кездесу үш сетке созылып, Бублик 5:7, 6:4, 6:2 есебімен камбэк жасады. Матч шамамен екі сағатқа жуық уақытқа созылған.

Әлемдік рейтингте 10-орында тұрған қазақстандық теннисші енді жартылай финалда америкалық Лернер Тиенпен ойнайды.

Женевадағы ATP-250 турнирінің жалпы жүлде қоры 612 мың еуродан асады. Турнир жеңімпазы 93 175 еуро мен ATP рейтингінің 250 ұпайына ие болады. Ал финалистке 54 360 еуро және 165 ұпай беріледі.

Материал авторы