681

Алматының Түрксіб ауданында үйлер ыстық судан ажыратылады

Алматының Түрксіб ауданында орналасқан бірнеше көшеде ыстық су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматының Түрксіб ауданында үйлер ыстық судан ажыратылады
smartnews.kz

«Алматы жылу желілері» ЖШС мәліметінше, 2023 жылдың 8 мамыры мен 9 маусым аралығында Түрксіб ауданында орналасқан бірнеше үй мен ғимаратта ыстық су тоқтатылады.

8-19 мамыр аралығында мына көшелерде ыстық су болмайды:

- Спасская - Днепровская - Клара Цеткина - Урицкий.

10 мамырдан 9 маусымға дейін:

- Закарпатская - Ахметова - Огарева - Қалмаржын.

10-17 мамыр аралығында:

- № 13 шағынауданында ыстық су шектеледі.

15 - 19 мамыр аралығында:

- Станкевич - Стахановская - Будденный - Ғанибет.

22 - 26 мамыр аралығында:

- Лисаковская - Волочаевская - Береке - Айша Бибі көшелерінде.

Компания ақпаратына сүйенсек, шектеулер қазандықтардағы су жылыту жабдықтарын жөндеу жұмыстарына байланысты.