Атырау облысында білім мекемелері балаларға діни насихат жүргізген

06.05.2023, 14:38
797
Атырау облысында білім мекемелері балаларға діни насихат жүргізген smartnews.kz

Атырауда қайырымдылық білім мекемелері діни насихат жүргізген, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 82 бала тұратын «Ақжайық», «Айша ана», «Береке», «Еділ», «Сарайшық» білім беру қайырымдылық мекемелері 82 балаға діни насихат жүргізумен айналысқан. Тексеру барысында мекемелерде діни сауаттылыққа үйрететін стендтер, әдебиеттер табылған.

Ал ата-аналармен кездесу кезінде олар бұл ұйымдарды медресе деп атайтыны анықталды. Балалар мұнда ата-аналарының сенімхаты негізінде тұрады. Алайда, бұл – заңсыз. Білім басқармасы барлық құзыретті органдарға хат жолдаған. Қазір зерттеу тобы құрылды.

«Тексеру нәтижесінде мекемелерде қауіпсіздік шаралары сақталмағаны, психикалық және физикалық даму үшін қолайлы жағдайлар болмағаны анықталды. Балалардың тұруы үшін қажетті жағдайлар жасалмаған. Штатта пән мұғалімдері болмаған. Ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды. Оларға балалары үшін бұл жерде болу қауіпсіз емес екені ескертілді. Іс жүзінде басқарма тиісті шаралар қабылдады. Қайырымдылық мекемелерінің қызметкерлеріне балаларды үйге жіберу туралы ұсыныстар берілді. Білім беру мекемелері тек заң аясында жұмыс істеуі керек», - деп хабарлады облыстық Білім басқармасынан.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді